FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстерді 31 наурызға дейін тоқтатты

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan
FlyArystan жолаушыларға билет құнын толық қайтаруды ұсынды.

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен өңірде енгізілген шектеулерге байланысты FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Әуекомпанияның мәліметінше, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылады. Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген.

"Күші жойылған рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құны айыппұлсыз қайтарылады немесе сапарды басқа күнге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады. Ол үшін билетті сатып алған орынға жүгіну қажет", – делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдері өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып жатқанын және авиациялық билік органдарымен тұрақты байланыста жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

Күші жойылған рейстерге қатысты қосымша ақпаратты жолаушылар FlyArystan әуе компаниясының байланыс орталығы, WhatsApp қызметі, ресми сайты немесе мобильді қосымшасындағы онлайн-чат арқылы ала алады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз