Қазақстанның 7 шахматшы қызы әлемнің ең үздік жүздігіне енді

Шахматшы Бибісара Асаубаева
Шахматшы Бибісара Асаубаева
Тізімде бесінші орында Бибісара Асаубаева тұр.

FIDE-нің қыркүйектегі рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанның жеті шахматшысы әлемнің ең үздік 100 спортшысының қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі

Олардың ішінде әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстерлер (WGM) Ксения Балабаева (20 жас) мен Елназ Қалиахмет (15 жас) алғаш рет осы межені бағындырып отыр.

Әлемдік топ-100 тізіміндегі отандық шахматшылар:

  • 5. GM Бибісара Асаубаева, 2536
  • 22. IM Алуа Нұрман, 2455
  • 37. IM Меруерт Камалиденова, 2413
  • 58. WGM Ксения Балабаева, 2384
  • 77. WGM Лия Құрманғалиева, 2361
  • 83. WGM Әмина Қайырбекова, 2355
  • 94. WGM Елназ Қалиахмет, 2347

Айдың басты көрсеткіштері: Ксения Балабаева рейтингін 59 тармаққа арттырып (2325-тен 2384-ке дейін), үздіктер қатарына бірден 58-ші сатыға жайғасты. Ал Елназ Қалиахмет қоржынына 43 ұпай қосып (2304-тен 2347-ге дейін), 94-ші сатыға орнықты. Көшбасшылар да жоғары өрлеген. Алуа Нұрман 24-орыннан 22-сатыға, Меруерт Камалиденова 46-дан 37-орынға көтерілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау