Бразилиялық specialty-кофе мәдениеті мен жапон минимализм эстетикасын біріктіретін халықаралық The Coffee бренді Алматыда екінші кофеханасын іске қосты. Ол Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің қиылысында орналасқан.
Еске салайық, әлемдік бренд Орталық Азиядағы алғашқы кофеханасын 17 қаңтарда дәл осы Алматы қаласында ашқан болатын.
"Жаңа кофехана алғашқысына қарағанда едәуір кең. Бұл келушілерге ыңғайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп, брендтің фирмалық минимализм стилін сақтап қалды. Интерьерде таза сызықтар, лаконикалық формалар және заманауи қалалық ырғаққа сай өрнектер қолданылған", – делінген хабарламада.
Тағы бір ерекшелігі – The Coffee қонақтары тапсырысты мобильді қосымша арқылы бере алады.
Ал мәзірдің негізі – бразилиялық specialty-кофе. Әрбір өнімнің шығу тегі қадағаланып, дәм тұрақтылығына ерекше мән беріледі. Компания стандартталған қуыру мен экстракция процесі арқылы әр кофеханада бірдей сапаны қамтамасыз етуге тырысады.
The Coffee брендінің негізі 2018 жылы Бразилияда қаланса, оның тереңінде жапондардың "to go" мәдениеті жатыр. Бүгінде әлем бойынша 300-ден астам кофехана жұмыс істейді. Олар Португалия, Франция, Испания, Мексика, Чили, Таиланд, БАӘ, Канадa, Италия және басқа да, жалпы саны 25-тен астам елде ашылса, оларда 1500-ден астам адам еңбек етеді.
Айта кетейік, жобаны дамытуға ATLAS Capital инвестициялық компаниясы қатысқан.
