Қазақстандықтар соттан тыс банкроттыққа "Электрондық үкімет" арқылы өтініш бере алады

Аталған заң жобасы 29 сәуірде парламент мәжілісінің қарауына енгізілген.

2022 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 449 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар. Бес жылдан астам қарыздарына қызмет көрсете алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамды құрайды. Бұл проблемалық қарыз алушылардың жалпы санының 27 пайызы. Осы орайда, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов рәсімдердің үш түрі болатынын еске салып, азаматтардың соттан тыс банкроттыққа "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш бере алатынын мәлімдеді. 

"Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ", – деп ескертті Ержан Біржанов. 

Біріншісі соттан тыс банкроттық рәсімі, оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады:

  • банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  • ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36 018 теңге;
  • борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.

Соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: "Мен – банкротпын": Қандай жағдайда қарызды қайтармауға болады?


Соттан тыс банкроттықтың салдары:

  • борыштық міндеттемелердің мерзімі өткен болып саналады;
  • кредиторлардың борышқорден міндеттемелерді орындауын талап етуіне тыйым салынады;
  • тұрақсыздық айыппұлы мен өсімпұлын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;
  • берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуы тоқтатылды;
  • борышкерге несие алу, кепілдіктер беру бойынша мәмілелерді жасауға тыйым салынады.

"Соттан тыс банкроттық "Электрондық үкімет" веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады", – деді вице-министр.

Екінші рәсім. 4,9 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады. 


Оқи отырыңыз: Банктен қарыз алмас бұрын нені білген жөн? Несиеге қатысты 15 сұраққа жауап


Қаржы министрінің орынбасарының айтуынша, бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукционда сатылады.

"Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің (мүлікті немесе ол туралы мәліметтерді жасыру, жалған ақпарат беру және т.б.) белгілері болмаса, есептен шығарылады", – деп түсіндірді Ержан Біржанов. 

Алайда, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мен алимент бойынша қарызды есептен шығаруға болмайды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Қарыз иелерінің жауапкершілігін арттыру ұсынылды


Сот банкроттық рәсімін қаржы менеджерлері жүзеге асырады, оның ішінде:

  • заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • кәсіби бухгалтерлер;
  • заң консультанттары;
  • аудиторлар.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Сауықтыру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы – бұл рәсімді қолданған азаматтар "банкрот" деп танылмайды, яғни оларға банкроттықтың салдары қолданылмайды. 


Оқи отырыңыз: Қарыз алушының құқығын қорғау күшейтілді. Банктер мен коллекторлар қызметінде не өзгеріс бар? 


Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • жобада 5 жылға несиелер мен кредиттер алуды шектеу көзделген;
  • азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Аталған заң жобасы 29 сәуірде парламент мәжілісінің қарауына енгізілген.

Еске салсақ, ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің берешектермен жұмыс басқармасының сарапшысы Меруерт Сейсенбаева заң жобасы аясында қандай қарыздардың кешірілмейтінін түсіндірген еді. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары