Шілдеде Қазақстанда 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды, бұл 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (167 878) 0,7% көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Тіркеуге қойылған көлік құралдарының 87,7 пайызын жеңіл автомобильдер құрайды.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдер – 5081,5 мың (83,9%), жүк автомобильдері – 495 мың (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың (0,9%).
Шілдеде тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі бойынша бөлінісі төмендегідей:
- 1500-ден 2000 см³-ге дейін – 59 530 (35,2%);
- 1500 см³-ге дейін – 35 277 (20,9%);
- 2000-ден 2500 см³-ге дейін – 24 550 (14,5%);
- 2500-ден 4000 см³-ге дейін – 23 027 (13,6%);
- 4000 см³-ден жоғары – 3644 (2,2%);
- өзге – 2218 (1,3%).
Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6160), Астана қаласында (5436) және Алматы облысында (5340) тіркеуге қойылды.
165 көлік рәсімдеткен: Астанада 100-ден астам адамды алдаған қаржы пирамидасына сот үкімі шықты
"Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдарының құрылысы басталды