27 тамызда Кинопоискте толығымен қазақ тілінде түсірілген жаңа комедиялық "Аялдама" жобасы жарыққа шықты. Шоуда комиктер қозғалып келе жатқан автобуста өнер көрсетеді, ал көрермендер әр қатысушының тағдырын шешеді.
"Жобаның басты ережесі қарапайым: егер әзіл күлкілі болмаса, көрермендер "қарсы" батырмасын басады. Дауыстар арнайы бағанда жиналады. Ол толық толған кезде комик ойыннан шығып, күлкілі емес әзілдері үшін автобустан түседі. Көрермендердің назарын сақтап, оларды күлдіре алатындар ғана соңғы аялдамаға дейін жетеді", – дейді жоба авторлары.
Жоба жалпы саны 6 шығарылымнан тұрады. Оларда соңғы аялдамаға дейін жету үшін Аңсаған Садырханов, Шыңғыс Ермек, Руслан Тай және басқа да комиктер бақ сынайды.
Қазақстандық комедия сахнасының үздік өкілдерімен қатар, кейбір шығарылымдарда арнайы шақырылған жолаушыларды да көруге болады. Олардың қатарында ALPHA тобы мен блогер Нұрдәулет NNN бар.
"Бұл жоба – стендаптың қалыптасқан форматына жаңаша көзқарас ұсынатын бірегей эксперимент. Мұнда комик сахна мен прожекторлардың арқылы жасырына алмайды. Ол автобустың шектеулі кеңістігінде көрермендермен бетпе-бет қалады, ал олар кез келген сәтте оны аяусыз ойыннан шығарып, автобустан түсіре алады", – дейді жоба авторлары.
Жобаның басты ерекшелігі – оның толығымен қазақ тілінде өтуі. Барлық қойылым, әзіл және қатысушылардың көрермендермен қарым-қатынасы қазақ тілінде өтеді. Осылайша Ayaldama жобасы заманауи қазақ тіліндегі комедия кеңістігінде жаңа әрі елеулі жобаға айналады.
Қазақ тілі ChatGPT платформасындағы ең белсенді тілдердің бірі – Жұлдыз Сүлейменова
"Ромео мен Джульетта" қуыршақ спектаклі Румынияда қазақ тілінде қойылады