Қазақстандық әуе компаниясы 50 Airbus ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Олардың тең жартысын елге 2031-2034 жылдары әкелу көзделген.

Air Astana АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында Airbus S.A.S компаниясынан бірқатар ұшақ сатып алу бойынша мәліме жасасу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ақпарат Kase.kz сайтында жарияланды. 

Атап айтқанда, бұл шешімде Airbus A320N типті 5 ұшақ, Airbus A321NX типті 20 ұшақ және Airbus A320neo әуе кемелері тобының қосымша 25 ұшағын сатып алу жөнінде айтылады. 

"Airbus S.A.S компаниясымен жеткізілуі 2031-2034 жылдарға жоспарланған Airbus A320N типті 5 әуе кемесін ("нақты тапсырыс») және Airbus A321NX типті 20 әуе кемесін ("нақты тапсырыс») сатып алу жөнінде, сондай-ақ Airbus A320neo әуе кемелері тобының қосымша 25 әуе кемесін сатып алуға расталған құқықтарды иеленуге ірі мәміле жасалсын», – делінген компания акционерлерінің кезектен тыс жиналысының шешімінде. 

Еске салайық, Airbus 2025 жылы әлемдегі 91 әуе компаниясына 793 коммерциялық ұшақ жеткізгенін хабарлады. Бұл – соңғы 3 жылдағы рекордты көрсеткіш болса, өткен жылы компания Қазақстанға 5 ұшақ жеткізді. Олар – A320neo және A321neo ұшақтары. 

Атап айтқанда, Air Astana екі A320neo ұшағын Avolon лизинг компаниясы және A321neo ұшағын ICBC арқылы алған. Ал Fly Arуstan 2 A320neo ұшағын Avolon лизинг компаниясы арқылы иеленді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз