Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге өтемақыны 2 есе арттыру мәселесі қаралып жатыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі төлем емделуге жетпейді, дейді сарапшылар.

Міндетті автосақтандыру туралы заңға енетін өзгерістерді мәжіліс талқылап жатыр, деп жазды Kolesa.kz. "Сақтандырушының жауапкершілік шегі" деп аталатын 24-бапқа өзгеріс еніп, жол апаты болған жағдайда сақтандыру төлемі мынадай болуы мүмкін:

Жәбірленуішінің денсаулығына зиян келсе не қаза болса – 4000 АЕК;

Жәбірленуші мүгедек болып қалса:

  • I топ – 3200 АЕК;
  • II топ – 2400 АЕК;
  • III топ – 1000 АЕК;
  • бала мүгедек болып қалса – 2000 АЕК.

Жәбірленушінің денсаулығына зақым келгенмен, мүгедек болмаса – 300 АЕК-тен аз. Емханада ем алған әр күн үшін кемінде 2 АЕК өтемақы берілуге тиіс.

  • Бір жәбірленушінің мүлкіне зиян келсе – зақым көлеміне сәйкес ақша береді, бірақ төлем сомасы 1200 АЕК-тен аспауы керек.
  • Екі немесе одан көп адамның мүлкіне бір мезетте зиян келсе – әр жәбірленушіге өтемақы төленеді, бірақ әр адамға берілетін төлем сомасы 1200 АЕК-тен аспайды.

Бәріне төленетін жалпы сақтандыру сомасы 4000 АЕК-тен аспауы қажет. Егер зиян мөлшері сақтандырушының жауапкершілік шегінен асып кетсе, зардап шеккен әр тұлғаға берілетін төлем оның мүлкіне келген зақым көлеміне байланысты болады. Яғни, барлық санат бойынша сақтандыру төлемі екі еседей өседі, тек жараланған, бірақ мүгедек болмағандар алатын өтемақы ғана өзгеріссіз қалады.

Депутаттар жаңа ереже жол апатынан зардап шеккен азаматтың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді деп санайды. Өйткені қазіргі сақтандыру төлемі емдеу мен сауығу шығынына жетпейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары