Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары 30 күндік еңбек демалысына шыға алады. Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді.
"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", – деп жазылған құжатта.
Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерге оның ұзақтығы көрсетілген жазбаша хабарлама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсыну негізінде берілетіні атап өтілген.
Оқи отырыңыз: "Сандырақ". Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сотындағы бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді
Түзету 2024 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.