Тікелей эфир

"Сандырақ". Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сотындағы бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді

Бишімбаевтың айтқандары – сандырақ, деді Райымбек Баталов.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарманың төрағасы Райымбек Баталов жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сөздеріне жауап берді.

Ол Instagram-дағы парақшасында бейне үндеу жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Raimbek (@raimbekbatalov)

"Соңғы уақытқа дейін мен Бишімбаевтың сот отырысының тақырыбына түсініктеме бергім келмеді, бірақ менің аты-жөніме жағылған сұмдық кірден кейін үндеу жариялауыма тура келді. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамның мен туралы айтқаны сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл ессіз өтірік. Бұл өтірікке сенбеуге шақырамын", — деді Райымбек Баталов.

Кәсіпкер БАҚ өкілдері мен блогерлерді Қуандық Бишімбаевқа сенбеуге шақырды.

"Осындай қайғыға душар болған Салтанаттың отбасы мен достарының қызының намысын қорғацға мәжбүр болғанына қатты өкінемін", – деп түйіндеді сөзін Райымбек Баталов.

Бұған дейін сот Қуандық Бишімбаевтың телефонының мазмұнын тексеруді бастаған. Бишімбаевтың галереясындағы соңғы 12 бейнероликте ол әйелінен Райымбек Баталовпен қарым-қатынаста болған-болмағанын сұрап, әдепсіз сөздерді жиі қолданады. Экс-министр бұл файлдар оның телефонында болуы мүмкін емес екенін, бұл монтаж екенін, біреу оның дауысын үстемелеп қойғанын айтты. Кейін Бишімбаев видеоны түсірген өзі екенін мойындады.


Оқи отырыңыз: Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев көріпкелге неше рет хабарласты


Сотта жауап беру кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова екеуінің арасындағы жанжал қыздың бұрынғы қарым-қатынасына байланысты үйлену тойынан кейін басталғанын айтты. Айтуынша, ол бұған дейін Райымбек есімді Қазақстанға танымал кәсіпкер отбасылы жігітпен қарым-қатынаста болғанын мойындаған. Бишімбаев осыған байланысты әйелінен көңілі қалғанын баса айтты. Райымбеке Баталовтың жұбайы Ленара Баталова отбасының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін негізсіз және алдамшы сөздерге түсініктеме бермейтінін түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары