USD: 466.3 / 468.9
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы тағы өседі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бағаны 1060 теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі тиісті бұйрық жобасын "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта темекі қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құрайды. Жаңа жобаға сәйкес бұл көрсеткіш 1060 теңгеге дейін артпақ.

Келесі темекі түрлерінің бағасы өседі:

  • сүзгісі бар темекілер;
  • сүзгісіз темекілер;
  • папиростар;
  • сигариллалар;
  • қыздырылатын темекі өнімдері.

Комитеттің түсіндіруінше, темекі өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу халықтың денсаулығын қорғауға және Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталған.

Сонымен қатар бюджетке түсетін түсім көлемі тек ең төменгі бөлшек сауда бағасының өсуіне ғана емес, акциз мөлшерлемелерінің кезең-кезеңімен ұлғаюына да байланысты болады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 1000 дана темекіге салынатын акциз мөлшерлемесі:

  • 2026 жылы – 18 051 теңге;
  • 2027 жылы – 21 163 теңге;
  • 2028 жылы – 21 880 теңге;
  • 2029 жылы – 23 279 теңге;
  • 2030 жылы – 25 607 теңге болады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында темекі өнімдерінен бюджетке түскен түсім көлемі 330,7 млрд теңгеге жеткен.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау