Қазақстанда Tax Free пилоттық жобасының мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылмақ

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Құжатта ЕАЭО транзитін қоспай, шетелдіктер одақтан тауар әкеткенде ҚҚС өтемақы төлеу тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауар алып шыққан шетел азаматтарына қосылған құн салығын қайтару тетігі бойынша пилоттық жобаның қолданылу мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің тиісті бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Министрлік мәліметіне сәйкес, құжатта ЕАЭО елдері арқылы транзитпен шығарылатын тауарларды есептемегенде, шетелдік жеке тұлғаларға тауарды одақ аумағынан тыс жерге әкеткен жағдайда ҚҚС өтемақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері айқындалады. Бұл – елімізде іске асырылып жатқан Tax Free пилоттық жобасының жалғасы.

 Жобаны кеңейтудің негізгі мақсаттары:

  • Пилоттық жобаның әрекет ету мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту;
  • Ағымдағы операторға балама ретінде қазақстандық компанияны жобаға қосу;
  • Tax Free жүйесінің географиясын ұлғайту;
  • Бір фискалдық чектегі минималды соманы 10 АЕК-ке дейін төмендету;
  • Қазақстанда туризмді дамыту және ҚҚС өтемақысы арқылы шетелдік туристерді көбірек тарту;
  • Пилоттық жобаның цифрлық тетіктерін тестілеу.

Оқи отырыңыз: 16 пайыз ҚҚС: 2026 жылдан бастап кімдер төлейді және оның тәртібі қандай


Реформалар жүзеге асса, шетел азаматтары үшін ҚҚС қайтару рәсімі жеңілдеп, туристік шығындардың бір бөлігі өтелмек. Бұл өз кезегінде елге келетін туристер санының артуына және сауда айналымының өсуіне ықпал етеді деп күтіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары