Қазақстанда қызылшаның өршуіне байланысты бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулы қабылдады.
Құжат 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 3 343 қызылша жағдайы тіркелді, оның 84,2%-ы (2 816 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Көбінесе екпе алмаған балалар ауырған.
Қаулы бойынша, қызылша, қызамық және паротитке қарсы иммундауды кеңейту жоспарланған: 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2–5 жас және 7–18 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ екпе алмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері иммундауды алады. Вакцинация тек заңды өкілдің немесе адамның келісімімен жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 951 адам қызылша жұқтырған: үкімет иммундау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Сонымен қатар, жоспарлы ауруханаға жатқызу талаптары күшейтіліп, ұйымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру мекемелерінде қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдар уақытша шеттетіледі, эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жедел жүргізіледі.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13