Қазақстанда 1 951 адам қызылша жұқтырған: үкімет иммундау жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Аида Балаева қызылшаға қатысты ахуалды бақылауға алуды тапсырды.

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына, соның ішінде қызылшаға қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85 пайызға төмендеген. Соған қарамастан, жыл басынан бері Қазақстанда 1 951 адам қызылша жұқтырған. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл мен Атырау облыстарында тіркелген. Науқастардың көбі – 5 жасқа дейінгі балалар. Денсаулық сақтау ведомствосының дерегіне сәйкес, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмаған. 

Кеңес барысында қызылша көп таралған өңірлердегі әкім орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сонымен қатар халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз