Тікелей эфир

Қазақстанда өзін банкрот деп тануға өтініш қабылдау басталды

Өтінішті онлайн беруге болады.

2023 жылғы 3 наурызда қазақстанда жеке тұлғалардың өзін банкрот деп жарилауына өтініш қабылдау басталды. Өтінішті egov.kz сайтында және eGov Mobile мен e-Salyq Аzamat мобильді қосымшаларында онлайн, сондай-ақ, кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында беруге болады.

Өтініш 14 күн ішінде қаралады және содан кейін өтініш иесіне sms хабарлама түрінде жауап келеді.

Соттан тыс банкрот болу қызметіне банк, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдарға қарызы бар адамдар жүгіне алады.


Оқи отырыңыз: Өзіңізді банкрот деп танып, қарыздан құтылу үшін не білу қажет? Ең түсінікті нұсқаулық


Өзін банкрот деп жариялау шарттары:

  • Қарыз сомасы 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы тиіс;
  • Өтініш берген уақытқа дейінгі соңғы 12 ішінде қарыз өтелмеген болуы тиіс;
  • Өз атына тіркелген не ортақ меншіктегі мүлкі болмауы қажет;
  • Банкпен реттеу жұмыстары жүргізілген болуы шарт.

Өзін банкрот деп жариялаған адамдар бұдан кейінгі бес жыл ішінде несие ала алмайды. Сондай-ақ үш жыл бойы оның қаржылық жағдайы бақылауда болады. Азамат өзін бұдан кейін де банкрот деп жариялай алады, бірақ, арада 7 жыл уақыт өтуі қажет.

Жеке тұлғалардың өзін банкрот деп жариялау туралы келесі материалдардан толыққанды ақпарат алуға болады:



 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары