Тікелей эфир

Балалар мен қарттардың үлесі – 42 пайыз. Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны азайып барады

Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың адамға 740 бала мен қарттан келеді.

Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны азайып барады. Қазіргі таңда балалар мен қарттардың үлесі 42 пайыздан асты. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың адамға 740 бала мен қарттан келеді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдан бастап жыл сайын тұрақты өсіп, бес жыл бұрын 687 болған. Көрсеткіштің өсуіне балалар негізгі үлес қосып отыр.  

"Жыл басындағы балалардың жалпы халық санындағы үлесі 31,2 пайызды құрап, соңғы бес жылда 3 пайызға өсті. Бұған 2020-2021 жылдардағы нәрестелердің туу көрсеткіші әсер етті. Демографтартың айтуынша, бұл – экономика үшін қолайлы фактор. Алдағы 10-15 жылда осы балалардың көпшілігі еңбекке жарамды жасқа келіп, қатарға қосылады", – деп атап өтті сарапшылар.

"Еліміздің оңтүстігінде қарттар мен балалардың үлесі  еңбекке жарамды әрбір мың адамға шаққанда 800 адамнан асады. Еліміздегі ірі қалаларда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Мәселен,  Астанада – 625, Алматыда – 642, СҚО-да – 672, Қостанай облысында – 651 адамнан келеді" – деді сарапшылар. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары