USD: 470.3 / 472.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +38C
Все города

Қазақстанда бүркітші қыз Айшолпан туралы фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті

Туынды Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына енді.

Бүгін Қазақстанда "Бүркітші қыз – Айшолпан" деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Айшолпан Нұрғайыпқызының өмірі туралы фильм осы уақытқа дейін шетелдік кинотеатрларда көрсетілген еді, деп хабарлайды SDU баспасөз қызметі.

Туынды 2014 жылдың шілде айы­нан бастап екі жарым жыл ішінде түсірілді. Фильмде бүркітшілік өнері туралы ғана емес, қазақтың салт-дәстүрі, әке мен бала арасындағы тәрбие баяндалады.

Фото Аяжан Дәуіталиеваның Facebook парақшасынан алынды

Фильмнің режиссері – Отто Белл, ал продюсері әрі дыбыстаушысы Дейзи Ридли болды. Туындының негізінде анимациялық фильм жасау құқығы 2 миллион долларға бағалан болатын. Бұл құқық аясына, сондай-ақ, әлемнің бірқатар еліне тарату мүмкіндігі де кірді.

13 жасар қыздың өмірін арқау еткен деректі фильм Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына енді.


Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?



 
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау