Қазақстанда бүгін алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтуде

Қазақстанда бүгін алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтуде
2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды.

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күнінің аталып өтуіне байланысты президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр елімізде қазақ тазысы мен төбетін дамыту жайында жазды. 

Оның сөзінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. 

"Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды. 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді. Бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді", – деп жазды Айбек Смадияр. 

Сондай-ақ, ол Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын екенін хабарлады. 

"Тарихи мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, табиғатты аялау – Ата заңымызда құндылықтар ретінде айқындалған. Қазақ тазысы мен төбеті күнін атап өту – бірегей мұрамызды әлемге дәріптеуге септігін тигізетін маңызды қадам", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау