
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына орай, Қазақстанда автопилот режиміндегі көліктерді қолдануға қатысты жауап берді. Бұған дейін депутаттар бүгінде электромобильдердің басым көпшілігі автопилот режимімен жабдықталғанын және бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін алға тартқан еді.
Дегенмен, Роман Скляр бұл мәселеде Қазақстанның ұстанымы басқа екенін айтты.
"Автопилот режимінде жауапкершілік жөнінде Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Жол қозғалысы конвенциясына сәйкес, қозғалыстағы әрбір көлікте жүргізуші болуы керек. Жүргізуші әрқашан өз көлігін басқара алуы керек, бұл адамның қатысуынсыз толық автономды жүру мүмкіндігін болдырмайды", – деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, автомобильдерде автопилот режимі іске қосылған кезде жүргізуші жол жүрісі ережелерін сақтауға және автопилотты пайдалану кезінде туындайтын салдарларға толық жауапты болады. Сондай-ақ, ең жоғары ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зарядтау инфрақұрылымын елдің көлік жүйесіне интеграциялау маңызды бағыт болмақ.
Еске салайық, депутаттардың мәліметінше, Қазірқің өзінде әлемде сатылып жатқан көліктің әр бесіншісі – электромобиль.
Оқи отырыңыз: Электромобильдердің өткені, бүгіні және болашағы. Қазақстан әлемдік трендтен неге кенде қалды?