USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Геннадий Головкин Ұлттық ұлан музейіне бокс қолғабын сыйға берді

Фото: Ұлттық ұланның Telegram арнасы
Фото: Ұлттық ұланның Telegram арнасы
Ол музей қорларына өте сирек табысталатын құнды жәдігерлердің бірі болды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық ұланның Орталық музейінің қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

"Бұл жаңалық Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша мәнге ие. Ол бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жіті бақылап, оның сабырлылығы, еңбекқорлығы және чемпиондық мінезіне тәнті болып өсті. Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған ұландықтың өзі де бокспен ұзақ жылдар айналысқан", – делінген ресми хабарламада. 

Марлен Сұрамаев – Республикалық спорт колледжінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері әрі Алматы қаласының чемпионы. 

Марлен Сұрамаев. Фото Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Оның айтуынша, дәл Геннадий Головкиннің өмір жолы оған үлкен жеңістердің күнделікті еңбек пен темірдей тәртіптің арқасында келетінін ұғындырған. Жуырда Марлен Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына жазылуына арналған құттықтау бейнеролигінің түсіріліміне қатысқан болатын. Ал бүгін ол спорт саңлағының музейге қолғабын табыстағаны туралы жаңалықты ерекше әсермен қабылдады. 

"Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы музей қорларына өте сирек табысталатын құнды жәдігерлердің бірі саналады. Енді бұл естелік құқықтық тәртіп әскерлерінің Орталық музейінде сақталып, ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде жас әскери қызметшілерге жігер беретін тағылымды мұра болмақ", – деп жазды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау