Бұл үшін сарапшылар арнайы "әке квотасын" енгізуді ұсынып отыр.
Қазақстанда "әке квотсын" енгізу ұсынылды. Ол – әкелер ғана пайдалана алатын декреттік демалыс. Сарапшылардың жазуынша, бұл әкелерді бала тәрбиесіне белсенді қатысуға ынталандырмақ.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінше, қазір әкелер бала тәрбиесі мен қарым-қатынас процесіне аналармен салыстырғанда аз қатысады. Мысалы, бос уақытты бірге өткізу, серуендеу, үй тапсырмасын тексеру, ауырған жағдайда баланы емдеу, балаларды балабақшаға, мектепке, үйірмелерге, спорт секцияларына, дәрігерге және тағы басқа жерлерге апару көбіне анасына жүктеледі. Мамандар мұны әкелердің көп жұмыс істеуімен байналыстырады.
"Әкелердің балалар тәрбиесіне және қарым-қатынас процесіне, сондай-ақ неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балаларды экономикалық қолдауға жеткіліксіз қатысуы қазақстандық қоғамда әке болу институтын нығайту қажеттігін айғақтайды. Әкелердің бала тәрбиесіне атсалысуын күшейту үшін "әке квоталарын" (әкелер ғана пайдалана алатын декреттік демалыстың бірнеше аптасы) енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады", – дейді сарапшылар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бала тәрбиесі бойынша соңғы орында тұрғаны рас па? Аймағамбетов түсіндірді
Сауалнама деректері бойынша ата-аналардың 72,3 пайызы бос уақытты бірлесіп ұйымдастырады. Оның 21,5 пайызын – аналар, 3,4 пайызын – әкелер, 2,7 пайызын туыстары атқарады.
Қазіргі таңда "әке квоталары" Норвегияда табысты нәтиже көрсетіп, ерлердің бала тәрбиесіне қатысу деңгейін арттырған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-