Қазақстанда 264 кәсіпорын жұмысшыларына 3,9 миллиард теңге қарыз

Жұмыс берушілерге 338,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Қазақстандағы 264 кәсіпорын 17,8 мың жұмысшыға 3,9 миллиард теңге көлемінде жалақы қарыз. Бұл статистиканы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

"Қатаң кесте мен еңбекақы бойынша берешекті өтеу мерзімін белгілеуді қоса алғанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3,1 миллиард теңге төленді", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері инспекторлар 4 552 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 7 146 фактісі анықталды. Оның ішінде:

  • еңбек саласында – 5 310;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында – 1 769;
  • халықты жұмыспен қамту саласында – 67.

Жұмыс берушілерге 338,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз