Тікелей эфир

Жұмысшы мамандықтар жылы туралы президент жарлығының жобасын Үкімет қоғам талқысына ұсынды

Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.

Ашық НҚА порталында ҚР президентінің "Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы" жарлығының жобасы қоғам талқысына ұсынылды. 

"2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын", – делінген жарлық жобасында. 

Еске салайық, биылғы 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялайтынын хабарлаған болатын. 


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады


"Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", – деді мемлекет басшысы. 

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің түсіндіруінше, президент жарлығының жобасы экономиканың өсімін қамтамасыз ету мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіптік білім беру білім беру жүйесін реформалауға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға бағытталған. 

Серіктестер жаңалықтары