Бірінші сессия Астанада ұйымдастырылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", – делінген өкімде.
Орташа жас – 49: Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы несімен ерекше
Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді. Президент жарлыққа қол қойды