Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді. Президент жарлыққа қол қойды

Иллюстрациялық фото: Depositphotos.com
Иллюстрациялық фото: Depositphotos.com
Кеңес құрамында ел ағалары Ермұрат Бапи, Нұртөре Жүсіп, Аманжол Әлтай және басқалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы:

  • Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
  • Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі
  • Ақтаев Жандос Берікұлы – "Esti Bol Qory" қоғамдық қорының төрағасы
  • Алтай Алмас – "Eco-social" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист
  • Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, "Әділет" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
  • Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері
  • Арсютин Николай Геннадьевич – "Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
  • Асанов Латипша Каймаханович – "Ахыска" түрік этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы
  • Атайбеков Бақыт Ынтықбайұлы – "Герефорд тұқымының республикалық палатасы" коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы
  • Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  • Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері
  • Әбіл Еркін Аманжолұлы – "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары
  • Әзілханов Марат Алмасұлы – "Шаңырақ" кафедралар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері
  • Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
  • Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы – Атырау облысы мәслихатының депутаты
  • Байрамуков Ислам Ильясович – "Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлар этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІІ жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
  • Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – қоғам қайраткері
  • Бимұратқызы Жанар – Қызылорда облысы Білім басқармасының "Сыр жұлдыздары" балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы" қосымша білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы
  • Болатбек Уәлихан Болатбекұлы – Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Әділет" партиясы" қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
  • Борчашвили Исидор Шамилович – "Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жоғары құқық мектебінің профессоры
  • Буларов Лугмар Харкиевич – "Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы
  • Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы – "Қостанай облысындағы әзербайжандардың "Бірлік" этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Гаджиев Гаджи Шапиевич – "Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті" қоғамдық бірлестігінің вице-президенті
  • Газдиева Белла Асланбековна – "Вайнах" шешендер мен ингуштар қауымдастығы" республикалық этномәдени бірлестігі" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры
  • Гайдай Андрей Николаевич – "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кафедра доценті
  • Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы" кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің төрағасы
  • Дәуталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының директоры
  • Дементьева Наталья Григорьевна – "Аналар мектебі" қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
  • Джанаев Увайс Хаважиевич – "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Ертаев Сырым Махамбетұлы – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  • Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Almaty Azаmattyq Alliance" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы – "PARYZ" Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясы" заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы
  • Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – "Саламатты Ел" қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
  • Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы – Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Қостанай облысы бойынша "Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі
  • Жүнісова Фарида Амансарықызы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы
  • Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы – Қызылорда облысы мәслихатының депутаты
  • Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – "Қазақстанның Медиа Альянсы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері
  • Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
  • Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы
  • Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстанның Еңбек Ері, "Зенченко және Компания" коммандиттік серiктестiгiнің бас директоры
  • Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  • Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қарағанды қаласы Білім бөлімінің "Кәусар" оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  • Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – "Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Исматуллаев Абдулла Жапарович – "Дустлик" өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Кан Алина Александровна – "Қазақстандағы немістердің республикалық этномәдени бірлестігі" қоғамдық қорының мүшесі, "Ер Азамат" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Alash" тіл үйрету клубының негізін қалаушы
  • Канкуров Станислав Владимирович – "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Әділет" партиясы" қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі
  • Кенжеханұлы Рауан – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті
  • Кереев Қайрат Нұрғабылұлы – Жетісу облысы мәслихатының депутаты
  • Ким Вера Александровна – "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – "Ақпараттық-ресурстық орталық" қоғамдық қорының Алматы қаласындағы басшысы
  • Көпжасарұлы Ерқанат – "Ақпараттық-ресурстық орталық" қоғамдық қорының мүшесі, журналист
  • Куприенко Александр Григорьевич – Қарағанды облысы мәслихатының депутаты
  • Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Астана қаласының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
  • Қайдарова Диляра Радикқызы – "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры
  • Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі
  • Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, "Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  • Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы – "Digital Nomads" IT-қоғамдастығының мүшесі, Apple Inc. мемлекеттік органдармен байланыс және Орталық Азия мен Арменияға арналған саясат бөлімінің басшысы
  • Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
  • Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы – Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Атырау" облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
  • Құрманалин Сағынғазы Даниярұлы – Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
  • Құсметова Әсел Нұрланқызы – Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан ауданы филиалының директоры
  • Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы – Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Алматы облысы кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
  • Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы
  • Лаврентьев Андрей Сергеевич – "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі
  • Лактюшин Дмитрий Николаевич – "Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
  • Локшин Вячеслав Нотанович – "Мицва" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
  • Лукин Андрей Иванович – қоғам қайраткері
  • Мақышев Тұрсынбек Шамбұлұлы – Сәтпаев қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері
  • Малькова-Солопова Алёна Юрьевна – Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы "Құрылыс-технологиялық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы
  • Маткенов Мұрат Қадерұлы – Ұлытау облысы мәслихатының депутаты, Қарсақпай металлургия зауытының директоры
  • Мәлікова Сәуле Зейноллақызы – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Солтүстік Қазақстан Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
  • Мельниченко Юрий Васильевич – "Қазақстан күрес федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы
  • Микаелян Наринэ Гамлетовна – "Наири" армян этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Мусин Бағдат Батырбекұлы – Спорттық бағдарламалар жасау федерациясының президенті, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
  • Мусин Манат Айтбайұлы – Ақмола облысы мәслихатының депутаты
  • Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
  • Мұқанова Роза Қажығалымқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург
  • Мухамеджанов Евгений Викторович – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "ECO Network" жобасының негізін қалаушы 
  • Мұсабеков Арман Төлегенұлы – Павлодар облысы мәслихатының депутаты, "Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
  • Мұхтарова Найла Алтайқызы – "Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
  • Мусапиров Жанұзақ Керімбекұлы – "Қазақстан Республикасының Көркем сурет академиясы" қоғамдық қорының вице-президенті
  • Мүтәліп Шахмұрат – "Қазақстан бокс федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
  • Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
  • Надыров Камалжан Талғатұлы – "Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
  • Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы – мемлекет қайраткері
  • Огузхан Абдулкарим – "Алматы қаласындағы түрікмен этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
  • Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Алматы облысы мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Sagadat Batyr" спорт клубының директоры
  • Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры
  • Осин Кирилл Владимирович – "ЭкоМаңғыстау" үкіметтік емес мекемесінің директоры
  • Останькович Дмитрий Валерьевич – "Родны кут" беларусь этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Jasa-Life" орталығы" мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
  • Павленко Дмитрий Иванович – "Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
  • Поломарчук Борис Викторович – Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушысы
  • Правдина Вера Николаевна – "Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы" жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Рақышева Ботагөз Исламқызы – "Қоғамдық пікір" зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті
  • Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры
  • Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы
  • Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері
  • Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
  • Сәлімов Алмас Алтайұлы – Түркістан облысы мәслихатының депутаты
  • Серікжанова Әйгерім Телжанқызы – "Креативті индустрияларды дамыту қоры" корпоративтік қорының креативті технологиялар және жасанды интеллект зертханасының басшысы
  • Соловьёва Ирина Анатольевна – "Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
  • Спирина Ольга Сергеевна – "Қазақша Speaking Club" қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші
  • Стадникова Лилия Викторовна – Павлодар облысы Білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы
  • Сураган Дурвудхан – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі
  • Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы – Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы
  • Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – "Qazaqstan Team" республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі
  • Тахтай Василий Сергеевич – "Дала қырандары" жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі
  • Ташыбеков Манас Нурмаматович – "Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі" заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары
  • Тварионас Виталий Ионо – "Lituanica" этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Тимощенко Юрий Евгениевич – "Украиндар радасы" этномәдени бірлестігі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Төреханов Роман Алмаханұлы – "Қазақстан бокс федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті
  • Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы – "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Усанова Руфина Касымовна – "Татар мәдениетінің "Туган тел" этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
  • Ұлжекова Нұргүл Төленқызы – "Қазақстан бочча федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы
  • Хмелевский Виталий Альбертович – "Қазақстандағы поляктар одағы" этномәдени бірлестігі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
  • Цхай Александра Сергеевна – "Қазақстандағы корейлер қауымдастығы" этномәдени бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
  • Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, "Таң ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
  • Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – республикалық Аналар кеңесінің төрағасы
  • Шиповских Геннадий Геннадиевич – "Жастар үні" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
  • Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрағасы
  • Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
  • Эктова Ирина Андреевна – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты
  • Юсупова Әлия Мақсұтқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, "Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Бұған дейін президент Қазақстан Халық Кеңесі мемлекет тарихындағы еліміздің этникалық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандығын тоғыстыратын алғашқы жоғары консультативтік орган болатынын айтқан еді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау