Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Кеңес құрамында 126 азамат бар. Олардың толық тізімімен Информбюроның материалынан танысуға болады.
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына мүше азаматтардың орташа жасы – 49 жас. Бұл ретте Кеңес құрамында аға буын мен жас буынның өкілдерінің молынан енгенін атап өткен жөн. Бұл тәжірибе мен жас буынның үйлесімділігін білдіреді.
Құрамды жасақтауда онда өңірлердің, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері болуына мән берілген. Мәселен, Кеңес құрамындағы өңірлердің өкілдерінің саны 42-ге тең.
Сондай-ақ, тізімнен бұрынғы Ұлттық Құрылтай мен Конституциялық комиссия мүшелерінің де, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының да атын оқуға болады. Мәселен, олардың қатарында ел ағалары Нұртөре Жүсіп, Ермұрат Бапи, Аманжол Әлтай және басқалар бар.
Қазақ тілінің жанашырлары Рауан Кенжеханұлы, Алина Кан, Ольга Спирина да Қазақстан Халық Кеңесіне мүше болған.
Жалпы, Кеңес құрамына өз ісінің білікті мамандары мен қоғам қайраткерлерінің енуі оның жұмысының салмақты, тиянақты болатынынан хабар береді.
Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді. Президент жарлыққа қол қойды
Қазақстан Халық Кеңесі ел тарихындағы конституциялық деңгейдегі алғашқы диалог алаңы болады