USD: 481.1 / 483.7
  • EUR: 548.5 / 553.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстан Халық Кеңесі ел тарихындағы конституциялық деңгейдегі алғашқы диалог алаңы болады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ел билігі қазақ мемлекеттігінің "ғимаратына" күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Халық Кеңесі" ел тарихындағы конституциялық деңгейдегі алғашқы диалог алаңы болатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа орган жалпыұлттық деңгейде ашық пікір алмасу мен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналады.

"Қоғамды алаңдататын өзекті мәселелерге дер кезінде назар аудару қажет. Бұл – беделді азаматтардың пікірі міндетті түрде ескерілуі тиіс деген сөз. Олардың ұсыныстары негізінде нақты нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттар ғана әділетті әрі дамыған мемлекет құрудың негізі бола алады.

Мемлекет басшысы жаңа конституциялық органның құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылық алаңдардың өкілдері және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері кіретінін атап өтті. Оның пікірінше, бұл қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде кеңінен ескеруге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз