Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Онда "Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы" мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекіту көзделген.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Халық Кеңесінің және Хатшылықтың басшылығын орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін", – делінген жарлықта.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктеледі.
Қазақстан Халық Кеңесі ел тарихындағы конституциялық деңгейдегі алғашқы диалог алаңы болады
Тоқаев вице-президент, Құрылтай және Халық Кеңесінің қызметін реттейтін заңдарға қол қойды