Қазақстан Vogue басылымының 2025 жылғы ең үздік 14 бағытың қатарына кірді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Редакторлар Іле Алатауы тауларының көркем пейзаждары мен қазақтың ұлттық асханасына жоғары баға берді.

Халықаралық Vogue басылымының редакторлары Қазақстанды 2025 жылғы әлемдегі ТОП 14 орын қатарына қосты, деп хабарлады Kazakh Tourism.

"The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025" жобасы бойынша басылым бір жылдағы өз саяхаттарын қорытындылап, ең үлкен әсер қалдырған бағыттарды іріктеген. Қазақстан табиғи ландшафттар, жергілікті мәдениет және қалалық ортаның үйлесімімен ерекшеленеді. 

Айта кетейік, бұл тізімге Орталық Азия елдері арасында Қырғызстан да кірді. 

"Осы күзде мен бір жылдан астам уақыт бойы Reels лентасында маза бермеген бағытқа ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жол мен екі рет ауысып мінуден кейін мен Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл қандай да бір адамдардың үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ соған әбден лайық мекен", – делінген басылым материалында.

Редакторлардың назарын Алматының сәулеті, заманауи қалалық кеңістіктер, Іле Алатауы тауларының көркем пейзаждары, ұлттық асхана аударды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз