Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 4 сатыға жоғарылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
2026 жылғы рейтингте ел паспорты 61-орынға тұрақтады.

Henley & Partners әлем елдері паспорттарының рейтингін жаңартты.

Рейтингке 199 паспорт қатысатын болса, есепке алынатын басты критерий – визасыз кіруге болатын елдердің саны. 

Рейтинг сатындағы мәліметке сәйкес, Қазақстан 2025 жылғы 65-орыннан (визасыз 77 елге кіруге болатын) биыл 61-орынға көтерілген. Оған визасыз кіруге болатын елдердің 78-ге жетуі себеп болған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Орта Азия елдері арасында көш бастап тұр. 

Henley & Partners сайтынан скрин

Ал рейтингтің алғашқы позицияларын Сингапур (192 ел), Жапония мен Оңтүстік Корея (188 ел), Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария (186 ел) иеленген. 

Ал тізімде соңғы орында Ауғанстан тұр. Бұл елдің паспорты 24 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Henley & Partners әлем елдері паспорттарының рейтингін 20 жылдан бері түзіп келеді. 

Қазақстан паспортымен қай елдерге визасыз баруға болатын Egov сайтынан қарап білуге болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз