USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстан темір жолын енді Елжас Отыншиев басқарады

Фото: "Самұрық-Қазына" АҚ
Фото: "Самұрық-Қазына" АҚ
Оған дейін бұл қызмет тізгіні Талғат Алдыбергеновтің қолында болды.

Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған. 

2009-2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті. 2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау