USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

"Бұл – сіздің жеке жауапкершілігіңіз". Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Транзит көлемі бойынша ҚТЖ жоспардан 30 пайызға қалып отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында "Қазақстан темір жолы" компаниясының транзиттік тасымал көлемі бойынша жоспардан қалып келе жатқанын айтып, басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке ескерту жасады.

Бектеновтің айтуынша, компанияның алдында транзиттік тасымал көлемін 55 миллион тоннаға жеткізу міндеті тұр. Алайда қазіргі нәтижелер жоспарланған межеден 30 пайызға төмен.

"Сіздің алдыңызда транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу мақсаты тұр. Алайда жоспардан 30 пайызға артта қалып келесіздер. "Қазақстан темір жолы" 23 млн тоннаның орнына небары 16 млн тонна тасымалдаған. Сондықтан бұл мақсатты орындау сіздің жеке жауапкершілігіңізде", – деді премьер-министр.

Премьердің ескертуіне жауап берген Талғат Алдыбергенов қысқаша ғана "Қабылданды" деп жауап қатты.

Үкімет басшысы транзиттік әлеуетті арттыру және жүк тасымалы көлемін ұлғайту ел экономикасы үшін маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты ҚТЖ-ға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз