Прямой эфир Новости спорта

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясы қайта құрылады

Президент еліміздің транзиттік қуатын арттыру туралы айтты.

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

"Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі


Президент бұл жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылатынын атап өтті. Сонымен қатар "Қазақстан Темір Жолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатынын жеткізді.


Оқи отырыңыз: Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары