Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 481,54 теңгені құрап, 1,35 теңгеге төмендеді.
Қазақстан Ұлттық банкінің 30 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 482,53 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 480,74 теңге, сату бағамы – 482,69 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 477,04 теңгеден сатып алып, 484,04 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласында долларды орта есеппен 481,7 теңгеден сатып алып, 483,73 теңгеден сатып жатыр.