Министр мұның бағдарламалау саласындағы мамандар тапшылығын жою үшін жасалып отырғанын айтты.
Шығыс Қазақстан облысында жүзден астам мектепте "информатика және бағдарламалау" пәнін виртуалды ұстаздар жүргізіп жатыр. Осы пилоттық жоба жуырда Қазақстанның аталған пән бойынша мұғалім жетіспейтін барлық мектебіне енгізіледі, деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
"Бағдарламалау саласында адам капиталын дамыту мақсатында "информатика пәнінің виртуалды мұғалімі" сынды түсінік енгізіледі. Кей аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде информатика пәнінің мұғалімі жеткіліксіз екенін білесіздер. Олардың сапасы көңіл көншітерлік емес. Сол себепті осы проблеманы шешу үшін "информатика және бағдарламалау" пәні онлайн жүргізіледі. Оның үстіне бұл – онлайн өткізуге барынша икемделген пән. Осындай пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысының 150 мектебінде жақсы жүзеге асып жатыр. Бұл тәжірибені барлық өңірде қолданатын боламыз. Өйткені, балалардың ара қашықтық кедергісіне қарамай, сапалы білім алуы маңызды", – деді Бағдат Мусин.
Мұнымен қатар, министр халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында цифрлық ХҚКО енгізілетінін айтты. Яғни тұрғындар кез келген қызметті Whats App желісінде бейне қоңырау арқылы ала алады.
"Яғни кез келген азамат мүмкіндігіне, әлде бір жағдайға байланысты цифрлық технологияны қолдана алмай жатса, онда ХҚКО қосымшасын смартфонына жүктеп, WhatsApp арқылы қоңырау шала алады. Қызметті сол жерде тікелей алатындай етіп жасаймыз", – деп қосты Бағдат Мусин.
Сондай-ақ, министр ХҚКО-ның қызметтік модельге көшетініне тоқталды. Яғни, тұрғындар ХҚКОөға кіреді, бірақ негізінен цифрлық технологияға көшу, бейімделу бойынша сұрақтарына жауап алады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
362
-
0
-
0
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
359
-
0
-
0
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
348
-
0
-
5
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
327
-
0
-
4
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
307
-
0
-
2
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
304
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
302
-
0
-
4
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
294
-
0
-
3
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
293
-
0
-
1
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
296
-
2
-
3
-