Қазақстан азаматтары наурыз айында 13 күн демалады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
2026 жылғы наурыздағы мерекелік күндер кестесі жарияланды.

2026 жылғы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді. Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар жалпы саны 13 күн демалады.

eGov.kz порталында жарияланған мәлімет бойынша, Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келуіне байланысты демалыс күні ауыстырылады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан үш күн демалады.

Сонымен қатар Наурыз мейрамы да жексенбіге тұспа-тұс келеді. Күнтізбеде 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз мерекелік демалыс күндері болып белгіленген.

Сенбі және жексенбі күндерін қоса есептегенде, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар наурыз айында барлығы 13 күн демалады.

Осылайша, көктемнің алғашқы айы ел тұрғындары үшін мерекеге толы әрі ұзақ демалысқа мүмкіндік беретін кезең болмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз