8 наурызға қарай Астанадан бірнеше қалаға қосымша вагондар қосылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
6 мыңға жуық жолаушыға қосымша орын бөлінді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қосымша вагондар тағайындайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерге, сонымен қатар қала маңы бағыттарына қосымша тіркемелі вагондар қосады. Жалпы саны 122 вагон енгізіліп, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік беріледі", – делінген хабарламада. 

Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және компания кассаларынан сатып алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз