Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҰОК.
Қазақстандық спортшылар әйелдер арасындағы төрттік байдаркамен 500 метрге ескек есуден А финалында бақ сынады. Ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасы 500 метр қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.
Жарыста алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды. Қытайлық спортшылар қашықтықты 1:33,784 нәтижесімен аяқтады. Ал Өзбекстан құрамасы 1:36,561 көрсеткішпен күміс жүлдені еншіледі.