Қазақстандық гимнаст Милад Карими – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
Қазақстан қоржыны тағы бір күміспен толықты.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Милад Карими еркін жаттығулардың финалында өнер көрсетіп, 14.600 ұпай жинады. Осы нәтижемен қазақстандық спортшы екінші орынға ие болды.

Алтын медаль Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юлоға бұйырды. Ол 14.666 ұпай жинады. Жапониялық Сёма Цукияма 14.566 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша Милад Карими Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының тағы бір күміс медалін қосты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау