Тікелей эфир

Қазақстан 1 тамыздан бастап көмір экспортына тыйым салуы мүмкін

Елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс күрт өскен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан көмірді экспорттауға тыйым салуды көздейтін бұйрық жобасын дайындады.

"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері: тас көмір, шаң тәрізді немесе шаң тәрізді емес, бірақ агломерацияланбаған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2701) алты ай мерзімге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған жобада.

Жобаның түсіндірмесінде халықты көмірмен және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дүрлікпені болдырмау мақсатында 2022 жылғы 1 тамыздан бастап көмірді автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізуді орынды болатыны жазылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстан қай елдерге көмір экспорттайды?


Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырды. Жоспарға сәйкес көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, халыққа 7 млн тонна қарастырылған.

Сонымен қатар, қыркүйек айында күрт салқындауға байланысты елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс күрт өскен.

"Осы жағдайды пайдалана отырып, жосықсыз алыпсатарлар көмірді сатып алудың ең жоғары кезеңінде көмірдің бағасына өздерінің "айналымдарын" қосты, яғни 13 мың теңгеден сатып алды және тоннасына 30 мың теңгеге дейін қайта сатты, бұл халық үшін теріс әсерін тигізді. БАҚ арқылы тұрғындардан ішкі нарыққа арналған көмір экспортқа шығарылады деген өтініштер келіп түсті", – деп жазылған түсіндірмеде.

Жоба 10 тамызға дейін АшықНҚА порталына орналастырылған.


Оқи отырыңыз: Энергетика сарапшысы: Көмір станцияларынан әзірге бас тартудың қажеті жоқ

Серіктестер жаңалықтары