Тікелей эфир

Қазақстан қай елдерге көмір экспорттайды?

Министрлік қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуды ұсынды.

Қазақстанда тас көмір экспорты едәуір артты. Өсім тоннамен 21% пайызды және ақшалай бірден 92 пайызды құрады, деп хабарлады Energyprom.kz.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде қоңыр көмір және көмір концентратын қоса алғанда, 57,4 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл өткен жылға қарағанда 5,9 пайызға артық. Ол ақшалай мәнде271 млрд теңгені құрады.

Тікелей тас көмір 53 млн тонна, қоңыр көмір – 2,3 млн тонна, көмір концентраты – 2 млн тонна өндірілді.

Өңірлік бөліністе ең көп өндіру көлемі Павлодар облысына тиесілі. Ал екінші орынды Қарағанды облысы алды.

Жалпы 2021 жылы көмір өндірісі 116,2 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артық.

Қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстан 13,7 млн тонна көмірді экспортқа жіберді. Ол 344,2 млн долларды құрады. Өсім заттай 21,1 пайызды, ақшалай мәнде бір жылда бірден 91,5 пайызды құрады.

Кесте: Energyprom.kz.

Көмірдің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді. Сектордағы қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушысы – Ресей. Ол 8,4 млн тонна, яғни жылына 15,3 пайызға артық көмір алған. Көшбасшылар үштігіне Қырғызстан мен Беларусь кіреді.

ТМД құрамына кірмейтін басқа елдерге 4,6 млн тонна көмір жіберілді. Бұл өткен жылға қарағанда екі есе көп. Мұнда негізгі көмір импорттаушысы – Швейцария, Польша мен Кипр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуды ұсынды. 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірге қажеттілік жоспарына сәйкес, тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна тиесілі.


Оқи отырыңыз:

Бір жылда көмірдің орташа бөлшек бағасы 5,7% қымбаттап, 14 мың теңге болды

Көмір жалмаған өмір

Серіктестер жаңалықтары