USD: 486.9 / 489.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

"Қазақмыстың" қолдауымен Жезқазғанда 3 мың адамға арналған облыстық мешіттің құрылысы жүріп жатыр

Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі
Нысанның құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.

Жезқазғанда өңірдегі ең ірі әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі – 3 мың орындық облыстық мешіттің құрылысы жалғасуда. Жоба "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның қолдауымен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда нысанның құрылысы 65 пайызға аяқталды, деп хабарлайды корпарация баспасөз қызметі

"Қазіргі кезде алаңда қасбеттік жұмыс жүргізіліп, ішкі әрлеу жұмысы жалғасуда, инженерлік желі мен коммуникацияны монтаждау жұмысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар іргелес жатқан аумақ абаттандырылып, ғимараттың орталық күмбезі мен жартылай күмбездерін қаптау жұмысы атқарылып жатыр. Болашақ мешіт қаланың орталық бөлігінде орналасқан және Жезқазғанның маңызды сәулет нысандарының біріне айналады. Негізгі қызметімен қатар, нысан ағартушылық, қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізу алаңы ретінде де пайдаланылады", – делінген корпарация хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Қазақмыс" басшылығы Оңтүстік Жезқазған кеніші жұмыскерлерімен кездесті


Жоба өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және қала тұрғындары үшін заманауи қоғамдық кеңістік құруға бағытталған.

Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі

Нысанның құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз