Тікелей эфир

Қар, жаңбыр және жел. Сәуірде ауа райы қандай болады?

Көктемнің екінші айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары болады.

Сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында орташа ауа температура нормадан 1-2° жоғары болады, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі. 

"Көктемнің екінші айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары болады. Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанады. Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен келетін циклондар әсерінен ауа райының тұрақсыздығы басым болады. Республика бойынша найзағай түсіп, бұршақ жаууы мүмкін", – делінген хабарламада.

Сәуір айының бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады: түнгі уақытта жаңбыр мен қар, ал күндіз жаңбыр жауады.


Оқи отырыңыз: Наурыз тарихынан он сұрақ: Тестке жауап беріп, біліміңізді тексеріңіз


3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, 8-9 сәуірде орталық және оңтүстік-шығыста (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Республика бойынша елдің солтүстік, шығыс, орталығында көктайғақ пен тұман болады. Онкүндіктің басында елдің батысында, онкүндіктің ортасында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. 

"Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2-7°С дейін, күндіз +3+8°С дейін, содан кейін 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0+5°С, күндіз +12+20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фон түнде -2-7°С дейін, күндіз +5+12°С дейін қайта төмендейді. Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5+3°С дейін, күндіз +5+15°С дейін төмендейді, содан кейін түнде +3+10°С дейін, күндіз +13+23°С дейін жоғарылайды. Ал онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+15°С дейін төмендейді", – деді синоптиктер. 

Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+9°С, күндіз +13+20°С-ты құрайды.  


Оқи отырыңыз: Наурыз он күн мерекеленеді. Мейрамның жаңа логотипі бекітілді


Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары шығып, температуралық фон жоғарылайды: 

  • елдің солтүстік, орталық және шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+25°С дейін;
  • оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +7+13°С дейін, күндіз +17 + 27°С дейін жоғарылайды.

"Алайда күн қайта суытуы мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы сынап бағаналары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-қа дейін, оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С -ге дейін төмендеуі мүмкін", – деп ескертті синоптиктер. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары