Қар, тұман, көктайғақ: 25 ақпанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қызылорда облысында күндіз қатты жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанады.

25 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірнеше аймағында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз қатты жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанады. Облыстың орталығы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында да осындай ахуал сақталады.

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жауын-шашын күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шымкент пен Түркістан қалаларында жаңбыр мен тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының батысы мен таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ болады. Алматы және Қонаев қалаларында да жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда жел 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Жамбыл облысы аумақтарының бірқатар бөлігінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Орал, Семей, Өскемен және Тараз қалаларында түнгі және таңғы уақытта көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Синоптиктер жол қозғалысына қатысушыларға және ашық аумақта жүрген азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз