Прокуратура өкілі қаруды өз еркімен тапсырған азаматтардың қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған 17 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Олардың өтелмеген соттылығы бар, деп мәлімдеді ҚР бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.
"Мысалы, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының үкімімен бұрын 2021 жылы сотталған және пробациялық бақылаудағы азамат С. 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық әрекеттер жасап, ірі соммадағы ұрлық жасаған. Сондай-ақ, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен азамат М. "Анна" қару-жарақ дүкенінен 4 мылтық пен оқ-дәріні ұрлағаны үшін 3 жылға нақты бас бостандығынан айырылды", – деді Елдос Қилымжанов.
Мұнымен қатар, бас прокуратура өкілі заңсыз сақталған қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтып сендірді.
Оқи отырыңыз: Талғат Теменов: Қаңтар оқиғасы тарихта "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі үлкен қасірет болды
"Бұл ретте адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайды. Адамдардың қаза болу фактілерін тергеу жалғасуда", – деп қосты Елдос Қилымжанов.
Еске салсақ, Қасіретті қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмыстар үшін 152 адамның сотталғаны туралы хабарлаған едік. Тағы 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-