547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды.
Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеуде, деп мәлімдеді ҚР бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.
"Қасіретті қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары айналысып жатыр. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар, оның ішінде 44 терроризм актілері, 47 жаппай тәртіпсіздіктер бойынша. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша барлық қажет шара қабылдануда", – деді Елдос Қилымжанов.
Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды, олардың 269-ы қамауда.
Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеуде. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар.
Оқи отырыңыз: Жұмыс берушілердің 23 пайызы қаңтар оқиғасы қызметкерлерінің жұмыс қабілетіне теріс әсер еткенін айтты
"Адамдар анықталғанда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін, істер бірден сотқа жолдануда. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады. Ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Бүгінгі күні кінәні мойындауға және залалды өтеуге байланысты 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмыстарға тартылды", – деп қосты Елдос Қилымжанов.
Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы ломбардтарының 3 млрд теңгеге жуық шығынға батқаны туралы хабарлаған едік. Ал 2021 жылы Қазақстандағы әрбір алтыншы ломбард шығынмен жұмыс істеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
395
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
345
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
326
-
0
-
2
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
344
-
0
-
1
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
315
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
303
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
283
-
0
-
4
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
318
-
0
-
4
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
320
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
311
-
0
-
0
-