Тікелей эфир

Талғат Теменов: Қаңтар оқиғасы тарихта "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі үлкен қасірет болды

Режиссер көтерілісті ұйымдастырушылардың аты ерте ме, кеш пе, жариялануы керектігін айтты.

Режиссер Талғат Теменов "Егемен Қазақстан" басылымына айтқан пікірінде Қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты өз ойын білдірді. Оның бағамдауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сатылып кетіп, ішкі әскердің барлығы биліктің басындағы ұйымдасқан топқа қызмет еткен.

"Қаңтар оқиғасы біздің тарихымызда "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі үлкен қайғы-қасірет болды. Тіпті, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде де мұндай болған жоқ. "Ақтабан шұбырындыдан" кейін біздің халықтың сансырап, қансырап кеткені осы кешегі қаңтар болды. Ең қорқыныштысы сол, Тәуелсіздігімізден ажырап қала жаздадық", – деді Талғат Теменов.

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасы өзінің бағасын әлі алған жоқ. Оны ұйымдастырушылардың аты ерте ме, кеш пе, жариялануы керек.

"Өйткені, тасты суға тастауымыз мүмкін. Ал жапырақты суға батыра алмайсың. Ол ерте ме, кеш пе, судың бетіне қалқып шығады. Қаңтар кезінде қаза болған әрбір қазақ баласы сол жапырақ жүрек сияқты. Ол су бетіне шықпай қоймайды. Бұл қаңтар трагедиясы үш жыл бұрынғы өрттен шейіт болған бес сәбидің көз жасы деп білемін. Өйткені, қан кешірмейді, сәбидің көз жасы біздің қоғамның мойнында. Кешегі қаңтар оқиғасы кезінде шейіт болған бейкүнә сәбилердің көз жасы қаныпезерлерді ешқашан ұмыттырмайды", – деді режиссер.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары