Алматыда сол күндері ғаламтор істемесе де, теледидар мен радио істен шыққан жоқ.
Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер бірнеше БАҚ ғимаратын қиратып, "Көктөбе" телемұнарасына барған. Алайда қолына қару мен граната ұстағандар мұнараға кіре алмады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
7-8 азамат тікелей эфирге телемұнара арқылы шығамыз деп келген. Бірақ нақты қандай ақпарат тарататынын түсіндірмепті. Мекеме басшысы күндізгі сағат үш шамасында ондай техникалық мүмкіндіктің жоқ екенін жеткізген соң, бұрылып кеткен. Артынша араға жарты сағат салып сарбаздар келіп, телемұнараны қоршауға алған.
Екі әскери техника мен 25 сарбаз 5 күн бойы "Көктөбені" қоршап тұрған. Телемұнара директорының айтуынша, 6 қаңтар күні белгісіз азаматтар кеткен соң, ғимараттың төмен жағында атыстың дауысы шыққан.
Оқи отырыңыз:
- Қаңтар оқиғасы кезінде жеті бала оқ жарақатын алды
- Талғат Теменов: Қаңтар оқиғасы тарихта "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі үлкен қасірет болды
"Көктөбе" телемұнарасынан 24 эфирлік цифрлық канал мен 19 радио таратылады. Алматы мен 100-200 ауылы бар елдімекендер осы жерден хабар алады. Егер ішке кірсе, цифрлық телевизия мен радиомыз өшіп қалатын еді", – деді телемұнара директоры Қайсар Раздықов.
Қалада бүлік болып жатқан кезде ғаламтор істемесе де, теледидар мен радиолар істен шыққан жоқ. Қазір мұнда жұмыс қалыпты.
Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 174 күдіктінің қылмыстық ісі айыптау актісімен аяқталғаны туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-