Алматы облысында "Қазақстандықтар" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың атыс қаруын сақтаған жері табылды.
Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде деструктивті діни ағымының жақтаушысы С. есімді азамат ұсталды. Одан "Оружейник" аңшылық дүкенінен ұрланған 12-ші калибрлі винчестер мен "Қорған" дүкенінен ұрланған 2 мылтық табылды, деп мәлімдеді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Ал Тараз қаласында Д. есімді азамат ұсталып, одан Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 4 "Макаров" тапаншасы мен оның 131 оғы тәркіленген.
Оқи отырыңыз: Қаңтар бүлігіне қатысқандарға қанша ақша төленген?
"Алматы облысында "Қазақстандықтар" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың атыс қаруын сақтаған жері табылды. Олар қаруды Талғар ауданы, Бәйтерек кентінің шетіндегі қараусыз қалған ғимаратта жасырған. Аталған жерден 28 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 2 "Калашников" автоматы, 3 "Макаров" тапаншасы, шетелдік өндірістің 4 тапаншасы, 5 екі ұңғылы және 10 бір ұңғылы мылтық, 2 шолақ мылтық, түрлі калибрлі оқтар, жарық-шу гранаталары мен бронижилеттер табылды. Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 750-ден астам мылтық және тегіс ұңғылы қаруды тапты", – деді спикер.
Жалпы алғанда:
- Жамбыл облысында – 281;
- Алматы қаласында – 249;
- Алматы облысында – 201 қару тәркіленген.
Оқи отырыңыз: Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан 17 адам нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
160
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
149
-
0
-
3
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
140
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
134
-
0
-
3
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
94
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
71
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
34
-
0
-
0
-