Грантты бір мәрте алуға және қажетті еңбек құралдарын сатып алуға жұмсауға болады.
Еңбек министрлігі жаңадан кәсіп бастағандарға қандай көмек көрсетілетінін жария етті. Осы мақсатта жәрдемдесу шаралары ұйымдастырылып қана қоймай, қаржылай көмек көрсетіледі.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін (2023 жылы – 1 380 000 теңге) беріледі, оларға мыналар жатады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (23 жасқа толғанға дейін) және оның жұбайы;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
- қоныс аударушылар;
- қандастар;
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
- Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және оның жұбайы.
Оқи отырыңыз:
- Жастарға арналған 2,5%-дық кредит. Кімдер, қашан және қалай алады?
- Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады. 2023 жылы 5796 адам шағын несие алады
"Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген АЕК мөлшері қолданылады. Грант бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі. Мұнымен қатар, жұбайынан, жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды", – делінген құжатта.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Құжат 18 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жыл басынан бері 4 575 қандас тарихи отанына оралды:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
334
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
310
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
284
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
271
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
253
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
264
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
214
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
207
-
1
-
2
-